Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері қамауға алынды

07 сәуір, 14:39

Фото: kokshetau.asia

Ақмола Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов қамауға алынды. Шенеунікті 1 сәуірде екі ай мерзіміне қамауға алды, - деп хабарлайды "kokshetau.asia" басылымы.

Алматы, NEGE. Порталдың мәліметіне сүйенсек, Ақмола облысының бұрынғы бас дәрігері өзіне сеніп тапсырылған мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып аса ірі мөлшерде жымқырған деген күдікке ілінді.

"Расталмаған мәлімет бойынша, Сүлен Ілиясов мемлекеттік ауруханаларда жетіспейтін жасанды тыныс алу аппараттарын жеке медициналық ұйымдарға берген. Сондай-ақ, бюджет есебінен салынған клиниканы коммерциялық құрылымға өткізді деген күдікке ілінді", - деп хабарлайды Kokshetau.asia.

Іспен ҚР Бас прокуратурасының жедел-тергеу тобы айналысады. Ілиясовты тұтқындау туралы құжатта ол бостандықта жүргенде объективті тергеуге кедергі келтіруі немесе жасырынуы мүмкін екені көрсетілген.

Айта кетейік, Ілиясов екі ай бұрын қызметінен кеткен. Ол бұл қызметке 2020 жылдың ақпанында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен тағайындалды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации