Әйтенов: Жыл басында 310 ИВЛ аппараты болса, қазір 612-ге жетті

04 желтоқсан, 14:39

Фото: ғаламтордан

Шымкентте 24 наурыздан бүгінге дейін 5 381 адам коронавируспен ауырған.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы ОКҚ-де онлайн баспасөз мәслихаитында журналистердің сауалына жауап берген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты. «Қалада қуаттылығы күніне 3 550 тестке жететін 4 ПТР зертханасы бар. Жаңадан 100 жедел жәрдем автокөлігі сатып алынып, автопарка толығымен жаңартылды. Сондай-ақ, 6,4 млрд теңгеге 7 медициналық мекеменің ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Ал материалдық жабдықтауға 6 млрд 600 млн теңге қарастырылды. Жыл басында қалада 310 ИВЛ аппараты болса, қазір 612-ге жетті. 3 оттегі станциясы орнатылды. Медициналық мекемелерде 2 айлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар қоры бар. Оған 659 млн теңге бөлінді. Қаладағы дәріханаларға мониторинг жасалуда. Дәріханаларда коронавирусты емдеуге 1,7 млрд теңге көлемінде дәрі-дәрмек қоры бар», - деді Әйтенов. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации