72 жастағы қария вирустан сауықты

04 желтоқсан, 18:17

Фото: google.com

Жамбыл облысында 72 жастағы қария коронавирустан сауығып шықты.

Алматы, NEGE. Тараз қаласының 72 жастағы тұрғыны Қаратау қаласында тұратын ұлына қонаққа келген. Коронавирус инфекциясының белгілері бірер күннен соң-ақ айқын біліне бастайды. Дене қызуы жоғары көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, әлсізденіп жағдайы нашарлай берген.

Науқас Талас аудандық орталық ауруханасының провизорлық стационарына шұғыл түрде жатқызылады. Онымен қоса, пациенттің қант диабеті, артериялық гипертензия, панкреатит сынды қосалқы созылмалы аурулары болған. Жүргізілген емнен соң да денсаулығы жақсармағандықтан, ақыры ол жансақтау бөліміне ауыстырылады. Дәрігерлердің желдел жүргізілген емдік шаралары мен дәрі-дәрмектің арқасында қария біраз уақыттан соң жазылып шықты.

«Бұл жағдайды бастан өткізбей, ешкім түсіне алмайды. Аурудың бар екеніне сенбей жүрген азаматтарға айтарым: салғырттық танытпаңыздар. Өзіңізді ойламасаңыз да, басқаларға зияныңыз тимесін. Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын деп тілеймін. Ең маңыздысы – бетперде тағып жүру керек. Өзімнің атымнан барлық дәрігерлер мен мейірбекелерге, шексіз ризашылығым мен алғыс білдіремін» – дейді ол.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации