29 жастағы көпбалалы ана алтын алқа тақты

26 ақпан, 11:13

Фото: ғаламтордан

  Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов көпбалалы аналарға алтын және күміс алқаны тапсырды.

Алматы, NEGE. Мұндай құрметке аудан бойынша 25 ана ие болды. Оның ішінде ең жасы – 29 жастағы Арайлым Айтымбетова. Қазіргі таңда Сарысу ауданында көпбалалы отбасылар саны - 1655, оның 1142-сі алтын, күміс алқа иелері. Ал, Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы аналар саны – 1380. Оның ішінде 1015 ана – 4 бала және одан көп баласы бар аналар, яғни мемлекеттік жәрдемақы алатындар. 365 ана – «Алтын алқа», «Күміс алқа», Батыр ана, 1-2 дәрежелі «Ана даңқы» медаль иелері.

Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов бүгін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, алтын құрсақты аналарға алтын және күміс алқа мен кітапшаларды салтанатты түрде табыс етті. «Сіздер тек балаларыңыздың алдында ғана ардақты емессіздер. Сіздер мемлекет алдында үлкен еңбек сіңіріп, мемлекет алдында елдің демографиялық өсуіне үлкен үлес қосып, абыройды асырдыңыздар», – деді аудан басшысы.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации