26 сәуірден бастап қазақстандықтарға отандық QazVac вакцинасы салынады

22 сәуір, 14:29

Фото: ғаламтордан

COVID-19 таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қазақстандық QazVac вакцинасымен вакцинациялау 26 сәуірде басталатынын айтылды.

Алматы, NEGE. QazVac коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы "СҚ-Фармацияның" өңірлік хабтарына таратылды. Вакцина Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларына жеткізілген.

Отандық вакцинаның келесі партиясы мамыр айында жеткізіледі. Екінші партия 50 мың дозададан тұрады. Әрі қарай вакцина өндірісі біртіндеп айына 500-600 мың дозаға дейін көбейтіледі.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов әзірге отандық вакцина тек Қазақстанда шығарылатынын айтты. 

"Біз вакцинамыздың 500 мың дозасын құю туралы түрік компаниясымен қосымша келісім жасастық. Түркияда бөтелкеге ​​құйылатын заттар тек Қазақстанда ғана қолданылады, вакцинаның барлық заттары, барлық шикізаттары осы жерде ғылыми-зерттеу институтында өндіріледі. Содан кейін Түркияға құтыға құю үшін тасымалданады. Бұл мәселе шешілді. Түркиямен келісімге қол қойылды", - деді Тоғжанов.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации