26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

19 қаңтар, 19:34

Фото: ғаламтордан

Үкіметтің кеңейтілген отырысының қашан өтетіні белгілі болды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Маминді қабылдады. Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды.

Сондай-ақ осы басқосуда Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтты. Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер қаралмақ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации