1 қыркүйектен бастап елде 165 мектеп карантинге жабылған

28 қараша, 12:51

Фото: google.com

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова 1 қыркүйектен бастап елде 165 мектеп карантинге жабылғанын мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап елде 165 мектеп жабылды. Қазіргі таңда 66 мектеп әлі де жабық тұр. Карантин кезеңінде мектеп 14 күнге жабылады. Бұл – ең аз инкубациялық кезең. Егер бір сыныпта коронавирус жұқтырған бірнеше адам анықталса, инкубациялық кезең ең соңғы тіркелген оқушыдан бастап есептеледі. Яғни, мектептер ең аз дегенде 14 күнге жабылады», – деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации