Ел

24.10.20 Инновациялық идеялар байқауы басталды

Ақмола облысында жастар, студенттер, жас кәсіпкерлер арасында «AQMOLA POWER» инновациялық идеялар және жобалар байқауы басталды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.  

24.10.20 Медицина қызметкерлеріне үстемақы қашан төленеді?

Медицина қызметкерлеріне үстемақылар жыл соңына дейін төленеді.  Алматы,  NEGE.  Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Алексей Цой мәлім етті. Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының негізгі ережелері талқыланды. Оның ішінде, республикада коронавирус инфекциясының қайта таралу қаупіне дайындық; медициналық ұйымдарға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру және еліміздегі ана өлімі бойынша мәселелер көтерілді. Алқа отырысына Денсаулық сақтау министрлігінің басшылық құрамы, өңірлердің, республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, бейінді комитеттер мен медициналық ұйымдардың аймақтық бөлімшелері қатысты. «Денсаулық сақтауды дамыту стратегиясы Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапты. Онда Президент коронавирус індетіне қарсы күресте авангард ретінде салаға ерекше назар аударды. Пандемия жағдайында дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жұмыс нәтижелері тікелей әлеуметтік маңызға ие екені аталды, тіпті нақты адамдардың өмірі ғана емес, жалпы тұтастай қоғамның тұрақтылығы да байланысты. Сондықтан медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары мемлекеттің ерекше бақылауында», - деді А.Цой. 2020 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін медицина қызметкерлеріне 84,4 млрд теңге сомасында ынталандыру төлемдері берілген. Үстемеақылар жыл соңына дейін төленеді, бұған 136,8 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ағымдағы жылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру және 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу міндетін қойған болатын. «2021 жылы 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге 222,3 млрд теңге, 2022 жылы – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы – 557,5 млрд теңге көлемінде шығыстар көзделген. Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңгені құрайды», - деді А.Цой. Ауылдық жерлердегі жас дәрігерлерді қолдау үшін 2019 жылы 849 маманға көтерме жәрдемақы төленді, 659 маманға тұрғын үй ұсынылды, 142 маманға өзге де әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. 2020 жылы практикалық денсаулық сақтау қажеттілігіне сәйкес 2 327 жас маман жұмысқа орналастырылды. Еліміз бойынша дәрігерлермен жалпы қамтамасыз ету 74 мыңнан астам маманды құрайды. СOVID-19-ға қарсы күрес бойынша қажетті мамандармен қамтамасыз ету 28 мыңды құрады. Жолдауда атап көрсетілген тағы бір маңызды аспект Қазақстанда барлық базалық дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды өндіру болып табылады. Осы тапсырмаларды іске асыру шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірледі. Денсаулық сақтаудың заманауи, бәсекеге қабілетті, қолжетімді және тиімді жүйесін құру үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету қажет. Осы тапсырмаларды орындау аясында өңірлерде 13 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы салынуда, сондай-ақ Өскемен және Тараз қалаларында үш нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Елдің ғылыми және медициналық әлеуетін шоғырландыру үшін 2023 жылдың соңына қарай қазіргі және ықтимал эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге ден қою үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында әрқайсысы 500 төсектік инфекциялық аурулар бойынша екі көпсалалы ғылыми орталық салынады. 2025 жылға дейін төсек қорын жаңартудың 50% қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер есебінен еліміздің аймақтарында 20 ірі заманауи медициналық орталықтар құрылады. Бұл халықаралық сапа талаптарына сәйкес халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің барлық спектрін көрсететін көпсалалы ауруханалар. ҚР Президенті алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Қазіргі кезде Министрлік 2021-2023 жылдарға арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жақсарту бойынша, оның ішінде бірінші кезекте ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеп жатыр. Медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру үшін ауылдық елді мекендер үшін автобус негізіндегі 100 жылжымалы медициналық кешендер сатып алынуда, оның ішінде 25 қондырғы аймақтарға жеткізілді. Сонымен қатар, алдағы үш жылда ауылдық елді мекендерді дәрігерлік амбулаториялармен және фельдшерлік-акушерлік пункттермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Алқа қорытындысы бойынша А.Цой Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жалпыұлттық жоспар шеңберінде аталған іс-шараларды орындау жөнінде тапсырма берді.

24.10.20 Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысына жеделхат жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады.  Алматы, NEGE. «Бүгінде барлық ұлттар өткенге көз жүгірте отырып, БҰҰ-ның осы жылдар ішінде қол жеткізген үздіксіз ілгерілеудің жарқын жолын мақтанышпен бағалай алады. Тіпті қазіргі, әлем бастан кешіп отырған геосаясат пен экономикадағы, әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы ауыр дағдарысты бастан өткеріп отырған кезде, БҰҰ-на миллиондаған адамдар, оның ішінде, осал топтар үлкен үмітпен қарайды», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есеп беретіндігін және мәмілегершілігін арттыруға бағытталған Антониу Гутерриштің стратегиясы мен айнымас күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті. «Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттардың сақталуына және қорғалуына тікелей жауаптымыз. БҰҰ-ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын Қазақстан толығымен қолдайтынын растаймын», – деді Қазақстан Президенті. Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барша қызметкеріне игі бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірді.

24.10.20 Әккі алаяқ ұсталды

Алматы облысында әккі алаяқ ұсталды

24.10.20 ШҚО: Рұқсат етілмеген қоқыс орындарының 87% жойылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов Шығыс Қазақстан облысындағы стихиялы қоқыс орындарын жою туралы айтып берді.  

24.10.20 «Таза жүрек» керуені басталды

Жамбыл облысында «Таза жүрек» керуені бастау алды. Керуен Тараз қаласынан облыстың аудан, ауылдарына қарай жол тартты.  

24.10.20 Ақтөбе: Ең өнерлі мемлекеттік қызметші кім?

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай байқау ұйымдастырылып, өнерлі мемлекеттік қызметші анықталды.  

24.10.20 Тараздық дәрігелер жаңалық ашты

Тараздық дәрігерлер эндопротез қоюдың жаңа түрін ойлап тапты.  

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421 422 423 424 425 426 427 428 429 430 431 432 433 434 435 436 437 438 439 440 441 442 443 444 445 446 447 448 449 450 451 452 453 454 455 456 457 458 459 460 461 462 463 464 465 466 467 468 469 470 471 472 473 474 475 476 477 478 479 480 481 482 483 484 485 486 487 488 489 490 491 492 493 494 495 496 497 498 499 500 501 502 503 504 505 506 507 508 509 510 511 512 513 514 515 516 517 518 519 520 521 522 523 524 525 526 527 528 529 530 531 532 533 534 535 536 537 538 539 540 541 542 543 544 545 546 547 548 549 550 551 552 553 554 555 556 557 558 559 560 561 562 563 564 565 566 567 568 569 570 571 572 573 574 575 576 577 578 579 580 581 582 583 584 585 586 587 588 589 590 591 592 593 594 595 596 597 598 599 600 601 602 603 604 605 606 607 608 609 610 611 612 613 614 615 616 617 618 619 620 621 622 623 624 625 626 627 628 629 630 631 632 633 634 635 636 637 638 639 640 641 642 643 644 645 646 647 648 649 650 651 652 653 654 655 656 657 658 659 660 661 662 663 664 665 666 667 668 669 670 671 672 673 674 675 676 677 678 679 680 681 682 683 684 685 686 687 688 689 690 691 692 693 694 695 696 697 698 699 700 701 702 703 704 705 706 707 708 709