Жоғалған әйелдің мәйіті Тобыл өзенінен табылды

29 маусым, 13:45

Фото: polisia.kz

Белгісіз жағдайда жоғалып кеткен әйелдің мәйіті Тобыл өзенінен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Aлматы, NEGE. 28 маусымда Қостанай қаласынан үш шақырым жерде Тобыл өзенінен Қостанай облысы ТЖД ЖҚЖ күшімен 1971 жылы туған әйелдің мәйіті табылды.

27 маусым сағат 22:45-те әйел Тобыл өзенінде белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Сүңгуір және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде құтқарушылар оқиға орнынан 1,5 км төменнен әйелдің денесін тапты. Мәйітті құтқарушылар өзен жағасына жеткізіп, полиция қызметкерлеріне берілді.

Жазатайым оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында “Қостанай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ” ММ ЖҚЖ 12 қызметкері, үш жүзу құралы, бір квадрокоптер және төрт техника жұмыс істеді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации