Журналистердің карантиндегі жұмыс тәртібі белгілі болды

27 наурыз, 17:43

Фото: Tengrinews

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантиннің күшейтілген режимінде БАҚ редакцияларына үндеу жасады.

Алматы, NEGE. «Арнайы бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларына айтарымыз, қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге жіберу қажет. Қалада жұмыс бабымен жүру үшін журналистің өзімен бірге қызметтік куәлігі және редакциялық тапсырма туралы анықтама болуы қажет. Анықтаманы телефоннан да көрсетуге болады», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде.

Сонымен бірге, министр карантиннің күшейтілген режимінде тұрғындардың ауруханаға бара алатынын жеткізді.

«Дәрігерге көрінуі керек азаматтар ауруханаға бара алады. Бұл дәлелді себеп болып саналады», - деді Д. Абаев. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации