Журналист: Митингтер туралы жаңа заң БАҚ жұмысына кедергі келтіреді

17 ақпан, 19:28

Фото: ҚазТАГ

Митингтер туралы жаңа заң Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) жұмысына кедергі келтіреді, деген сенімде журналист Сергей Пономарев.

Алматы, NEGE. «Мені «Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларда мемлекеттік органдардың немесе басқа да лауазымды тұлғалардың талап етуі бойынша бейбіт жиындардың фото және видеожазбаларын ұсыну», деген бесінші тармақ қатты алаңдатып отыр. Мен түсіру үшін келдім, бұл менің жұмысым, бұл менің қармағым, бұл менің наным. Ал маған прокурор немесе АІІБ бастығы келіп, «бізге мына видеоны беріңіз, бұл бізге керек» дейді екен. Оны екі-үш күннен кейін қайтарса жақсы, бірақ екі-үш күн өткеннен кейін ол жаңалық ешкімге де керек емес болып қалады. Бұл мүлде керек емес тармақ деп санаймын. Бізді жұмыс істеу және халыққа жеткізу мүмкіндігінен айырады», - деді Пономарев заң жобасын талқылау барысында.

Ол атап өткендей, заңда журналистерге тыйым салатын сегіз тармақ бар. Соның ішінде кейбірі мүлдем ақылға қонымсыз.

«Журналистерге арналған сегіз тыйым салынған тармақ бар. Олардың ішінде кейбірі тіпті ақылға қонымсыз. Өзіңмен бірге адамдардың өмірі мен денсаулығына, азаматтарға материалдық шығын келтіретін немесе заңды тұлғалардың мүлкіне қарсы қолданылуы мүмкін суық қаруды, атыс қаруын және басқа да қаруды, арнайы дайындалған бейімделген құралдарды алып баруға тыйым салынады. Бірақ, біз аккредиттелген журналистерміз, біз ол жерге сіздер уәкілетті органда бекітуге кеңес берген куәлігімізбен және төс белгімізбен бардық. Біз қарақшы, террорист емеспіз ғой. Онда неге педофилияны қоспағансыздар, адам зорлауды?» - деп ызаланды журналист.

Сондай-ақ, ол заң жобасында «алкоголь өнімдерін, есірткі заттарын, психотропты заттар мен прекрусорларды таратумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткі немесе басқа да токсикологиялық жағдайда жүруге» және бетін жауып тұратын киіммен жүруге тыйым салу да барын атап өтті.

Бұдан басқа, талқылауға қатысқан журналистер заң жобасына журналистерге медициналық көмек көрсету туралы баптың енгізілгенін де түсінбейді, себебі ол басқа нормативті-құқықтық актімен қарастырылған.

Бұған дейін Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис жаңа заң жобасын БҰҰ сараптамасына жіберуді ұсынған еді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации