Тілшіге шабуыл жасалды

25 қыркүйек, 19:36

Фото: google.com

Алматыдағы барлардың бірінде ер адам журналист Алима Пардашеваны қылғындырып, телефонын тартып алмақ болған.

Алматы, NEGE. Журналистің айтуынша, оқыс оқиға кешке болған. Шабуыл жасаған ер адам өзін бардың күзет қызметінде жұмыс істейтінін айтқан.

«Арнамның мерейтойын атап өттік. Досыммен бірге көшеге шықтым. Кейін жаныма ер адам келді. Ол өзі туралы айта бастады. Бірақ кенеттен ол қалтамнан телефонымды шығарды. Мен тез әрекет етіп, телефонымды қайтарып алдым. Ер адамнан неге мені тонамақ болдыңыз деп сұрағанымда, ол ар-намысыма тиетін сөздерді айтты. Ол мені жерге құлатып, қылғындыра бастады», – дейді Алима.

Ол көмекке адамдарды шақырғанын айтады. Пардашеваның айтуынша, осы сәтте барда күзетшілер болмаған. Оны жанындағы құрбысы мен куәгерлер құтқарып қалған. Ал ұры қорқып, оқиға болған жерден ізін суытты.

Журналист Медеу аудандық полиция басқармасына барғанын айтады.

«Алдымен полиция болған жағдайды тіркегісі келген жоқ. Себебі, денемде жарақат болмады. Кейін олар жағдайды бейнебақылау камералары арқылы тексеруге уәде берді», – дейді Алима.

Сонымен қатар, журналист бұл барда ұрылардың құрбаны жалғыз өзі емес екенін атап өтті.

«Біз полиция департаментінде сол барда шабуыл жасалып, iPhone-нын ұрлатып алған жігітті кездестірдік. Оны қылғындырған, кейін ол есінен танып қалыпты», – дейді Пардашева.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации