Жұма жауын-шашынды

03 сәуір, 10:15

Фото: Yandex.ru

Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар күтіледі, деп хабарлады ҚазТАГ«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. «Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, солтүстігінде түнде кей жерлерде жауын-шашынды (қар, жаңбыр), қалған өңірлерінде көбіне жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн күркірейді», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде -1-3.
Алматыда күн бұлтты, түнде және ертеңгісін жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +15+17, түнде +5+7.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +22+24, түнде +7+9.
Жамбыл облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +20+25, түнде +5+10.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +21+26, түнде +5+10.
Қостанай облысында жауын-шашысыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +5+10, түнде -3-8.
Алматы облысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз +15+20, түнде +4+9.
Ақмола облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +7+12, түнде -1-6.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде жылымық қар жауады. Күндіз +6+13, түнде 0-5.
Павлодар облысында күндіз аздаған жаңбыр жауады, түнде жылымық қар жауады. Күндіз +11+16, түнде -3+2.
Қарағанды облысында күндіз жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, түнде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +12+17 (оңтүстігінде +20), түнде -1+4 (оңтүстігінде +8).
Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр жауады, түнде жауын-шашынсыз. Күндіз +8+13, түнде +2+7.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +8+13, түнде 0-5.
Атырау облысында жаңбыр күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +11+16, түнде +2+7.
Маңғыстау облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +5+10.
Қызылорда облысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +21+26, түнде +7+12.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде азадаған жаңбыр жауады. Күндіз +13+18, түнде 0+5.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерінде мұз жамылғысының әлсіреуі жалғасады, су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстарының өзендерінде мұздың ары қарай еруі байқалады, су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации