Жолаушыларды шошытқан жігіт қамауға алынды

15 наурыз, 15:12

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Пранкер коронавирус инфекциясын жұқтырған адам секілді жөтеліп, метродағы жолаушыларды қорқытқан.

Алматы, NEGE. Коронавирус жұқтырған адамның кейпіне еніп, метрода жолаушылардың зәресін ұшырған Алматы тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды. Өзінің бұл әрекетін ол видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Алматының полиция департаментінің баспасөз қызметі 23 жастағы пранкердің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша 10 тәулікке қамауға алынғанын хабарлады.

"Қазіргі күрделі жағдайда Х. есімді азаматтың әрекеті нағыз бейбастық. Хайп үшін барлық адамгершілік және этикалық нормаға қолды бір-ақ сілтеген жігітті полиция "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алматы тұрғыны сот процесі басталмас бұрын азаматтардан кешірім сұраған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации