Жол апатынан екі адам мерт болды

14 ақпан, 14:55

Фото: Instagram

«Қарағанды облысындағы тас жолда жүк көліктерінің арасында қысылып қалған көліктегі екі адам ажал құшты», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Жол апаты Нұр-Сұлтан-Теміртау тас жолында болған. Елордаға бет алған Foton көлігі екі жүк көлігінің арасына қысылып қалған. Жол көлік оқиғасы салдарынан Foton жүк көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі қаза тапты. Оқиға бүгін азанғы 10:00 шамасында болған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации