Жоғарғы сот жұртты соттаспауға шақырды

20 наурыз, 14:51

Фото: zakon.kz

Жоғарғы соттың судьялары мен сот қызметкерлері қазақстандықтарды елдегі төтенше жағдай кезінде соттасудан бас тартуға шақырды.

Алматы, NEGE. Жоғарғы сот #Біз біргеміз акциясын қолдайды. Әрі көпшілікті үйде болуға және төтенше жағдай кезінде сот істерінен бас тартуға шақырды, – деді Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов.

Жоғарғы соттың судьялары мен қызметкерлері бір күндік жалақыларын коронавируспен күреске аударыпты. Қаражат Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індеттің алдын алуға жұмсалады деп жоспарланған.

Коронавирус індетінен соттар да сырт қалған жоқ. Ілгеріде Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев сырқат жұқтырды деген ақпар тараған. Оны біреу нақтылап, енді біреу теріске шығарды. Бір анығы, қазір Нұр-Сұлтан соты қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации