Жыл соңына дейін 11 дәрігерлік амбулатория ашылады

15 қыркүйек, 16:25

Фото: ғаламтордан

Алматыда жыл соңына дейін 11 дәрігерлік амбулатория ашылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Алматы, NEGE. «Есеп беру кездесулерінде тұрғындар шалғай ықшамаудандарда медмекеме жоқтығын айтқан еді. Осыған орай 2019 жылдың қыркүйегінде емханасы жоқ ықшамаудандарда амбулатория жұмысын ұйымдастыру бойынша үш жылдық бағдарламаны әзірлеп, іске қостық»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында. Оның айтуынша, медициналық қызмет көрсету үшін 35 амбулатория қажет. «Өткен жылы «Алтай-1», «Кеңсай-1», «Көлсай», «Тау самалы», «Қарағайлы», «Томирис», «Ақбұлақ» және басқа ықшамудандарда осындай 11 медмекеме ашылды. Жақында Түрксіб ауданындағы 13-ші әскери қалашық учаскесінде дәрігерлік амбулатория жұмысын бастады. 5,4 мың адам тіркелген медмекеме ауысымына 50 адамды қабылдай алады» деп атап өтті әкім. Оның сөзіне сенсек, биылғы жылдың соңына дейін тағы 11 амбулаторияны ашу жоспарда бар. Қалған 12 амбулатория келер жылы ашылады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации