Жеңіс күніне арналған әскери парад өте ме?

12 наурыз, 15:24

Фото: Сәрсенбек Қызайбек

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейтін болды. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды. Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді. 

«Мемлекет басшысы елімізде коронавирустың таралуына жол бермеуге байланысты Наурыз мерекесіне арналған қоғамдық шараларды және елордада Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадты өткізбеу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұған дейін жоспарланған халықаралық форумдарды кейінге шегеруді тапсырды», - деп жазды Берік Уәли. 

Бұған дейін Президент коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесі жөнінде бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен шұғыл кеңес өткізген еді.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации