Жазылғандарға да жоламаңыз

31 наурыз, 11:50

Фото: Kazakh-tv.kz

Коронавирустан жазылған адамдардың өзі сегіз күн бойы вирус таратуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің COVID-19-ға қарсы күрестің шұғыл штабы хабарлаған.

 Алматы. NEGE. Қытай ғалымдары ауруханадан шығарылған барлық адамдарға карантин мерзімін ұзартуға шақырып отыр. Олар жүргізген зерттеу бойынша, жазылып шыққан адамдар сынама тапсырып, сау екені анықталғаннан кейін де вирус таратады екен. Жазылғандардың ауру белгілері жоқ болғанымен, ауыз қуысында вирустың қалдықтары сақталып қалады. Сондықтан сегіз күнге дейін вирус таратуы мүмкін.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации