Жаңақорған карантинге жабылды
02 сәуір, 10:35

Бұл туралы "Хабар24" телеарнасындағы онлайн-брифинг кезінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты.
Алматы, NEGE. "Қауіпті кесел жұқтырудың дерегі күрт өскендіктен, Жаңақорғанды да карантинге жабу ұйғарылды. Аудан орталығының кіріп-шығу жолдарына 4 тосқауыл бекеті қойылды, - деді облыс әкімі.
Бұған дейін Қызылорда облысында бір отбасының 8 мүшесі коронавирус жұқтырғаны айтылған еді. Қазір Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған 26 адам бар.