Жамбыл облысында індет жұқтырған үшінші адам туралы дерек шықты

27 наурыз, 10:54

Фото: ғаламтордан

27 наурызда Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған үшінші адам анықталды.

Алматы, NEGE. Қордай ауданының ауруханасына 24 наурызда Қырғыз Республикасынан келген 1996 жылғы тұрғын жатқызылды. Белгіленген әрекеттер алгоритміне сәйкес, қыз карантиндік ауруханада болған. Зертханалық талдау нәтижелері коронавирус инфекциясын анықтады, делінген коронавирус бойынша ашылған арнайы сайтта.

Қыз жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы және коронавирустың басқа белгілері байқалмайды. Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі.

Онымен байланыста болғандар адамдар карантинге жатқызылды. Олардан талдау алынып жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации