Жамбыл облысында 4 қырғыз азаматынан анықталды

05 сәуір, 14:38

Фото: ғаламтордан алынды

Жамбыл облысы мен Қырғызстан арасында жүк көлігі жүргізушілерінен коронавирус анықталды.   

Алматы, NEGE. Олар Қырғызстанның азаматы болып шықты. Қазір шекара бекетінен көліктер мен адамның өтуіне тосқауыл қойылды. 4 азамат жүк көлігімен тауар таситын болып шықты. Бәрі де инфекциялық ауруханаға жатқызылды. 

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Қордай ауданы аумағында 2020 жылдың 6 сәуірі сағат 00.00-ден бастап карантин режімін енгізу туралы шешім қабылданды. Ол бойынша ерекше талаптары бар шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтер мен тұрғындар тіршілігіне бірқатар шектеулер қарастырылған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации