Жәкішев жағдайы туралы айтты

08 сәуір, 21:45

Фото: sputniknews.kz

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының экс-басшысы түрмеден босап шыққалы бері карантинге байланысты денсаулығын толық тексерте алмай, қиындыққа тап болғанын айтты. 

Алматы, NEGE. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев денсаулығына байланысты тәулігіне екі сағаттан артық жұмыс істей алмайтынын мәлімдеді. 

"Жұмыс істей бастасам, қан қысымым құбыла бастайды. Қазір жұмысқа қатты қабілетті адам емеспін. Ақпарат алып, оған талдау жасап, қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын ұсыну мен үшін қазір біраз қиындау", - деді Жәкішев Facebook-те бейнебайланыс кезінде желі қолданушыларының Қазақстанда экономикалық жағдайды жақсарту үшін не істеу қажет деген сұрағына жауап бере отырып.

Жәкішевтің айтуынша, елде жарияланған карантинге байланысты толық тексерістен өту мүмкін болмай тұр.

"Карантиннің аяқталғанын күтіп жүрмін. Қазіргі жағдайда біздің медицина тек шұғыл жағдайлар бойынша жұмыс істейді",- деді ол.

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы да елде коронавирустың салдарынан туындаған дағдарыс 23 жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ауыр болатынын мәлімдеді.

"1997 жылы біз мұнай бағасының құлдырауымен бетпе бет келдік. Ол кезде мұнай айтарлықтай арзандады, бірақ ол кезеңде бюджетке белгілі бір кіріс әкелетін экономиканың өзге салалары жұмыс істеген еді. Алайда, дәл қазір мұнай бағасының қатты түскенімен қоймай, Қазақстанның жалпы ішкі өніміне үлес қосатын экономиканың басқа салалары жұмысын тоқтатса, онда қызмет көрсету саласы тоқырап қалады. Қазір бұл салалар мемлекеттің қолдауына мұқтаж. Егер карантин аяқталғаннан кейін бұл салаларға көмек көрсетілмесе, халықтың басым бөлігі жұмыссыз қалуы мүмкін", - деді Жәкішев.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации