Жағымды жаңалық: Екі науқас сауықты

25 наурыз, 17:34

Фото: strategy2050.kz

Ертең, 26 наурыз күні коронавирус жұқтырған екі адам ауруханадан шығарылады. Жағымды жаңалықты жұртқа Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жеткізді.

Алматы, NEGE. «Ертең екі адам ауруханадан шығарылады. Олар коронавирустан сауықты. Дегенмен әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Қосымша сараптамалар тағайындалады. Бұл біздің алғашқы жеңісіміз. Бұл жеңіс бізге пациенттермен тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін дәрігерлердің арқасында келді», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.  

Сондай-ақ, ол Үкімет пен барша қазақстандықтардың атынан медицина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне алғыс білдірді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации