Заңсыз кредит рәсімдеген адам сотталды

15 қыркүйек, 18:31

Фото: google.com

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың атына заңсыз онлайн-кредит рәсімдеген 40 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары алаяқ қаржы ұйымдарының менеджерлерін алдап, олардан астаналықтардың жеке деректерін алып, тұрғындардың атына онлайн-кредит рәсімдегенін айтады. Ол дербес деректерді пайдаланып, жәбірленушілердің есептік жазбасына кіруге мүмкіндік алған. Кейін кредит алып, ақшаны виртуалды карта немесе электронды әмияндар арқылы алған.

«Осылайша, күдікті тұрғындардың атына онлайн-кредит рәсімдеген. Бүгінде алаяқтың әрекетінен 50-ге жуық адамның зардап шеккені анықталды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің IP-мекенжайын анықтап, оны ұстады», – делінген хабарламада.

40 жастағы ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалған. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Ақпараттық жүйенің пайдаланушысына қатысты жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті бірнеше рет алаяқтық үшін сотталды. Соңғы рет ол осыдан 2 жыл бұрын ұсталып, сот оны 2 жылға бас бостандығынан айырған», – делінген хабарламада.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации