Үстірттегі қабылан тұзаққа түсті
05 наурыз, 10:49
Үстірт мемлекеттік қорығында тағы да қабылан фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінң Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазды.
Алматы, NEGE. «Бұл жолы біздің мамандар барынша сапалы кадр жасай алды», – дейді ол.
Еске салсақ, Үстіртте фототұзаққа қабылан 2019 жылдың желтоқсан айы мен 2020 жылдың қаңтарында екі мәрте түсіп қалған. Үстіртте фототұзаққа ілінген қабылан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген еді.