Үш науқас бір ауылдан тіркелді

08 сәуір, 14:45

Фото: inform.kz

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған соңғы үш адам бір ауылдың тұрғындары. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясы анықталған үш науқастың оны қайдан жұқтырғаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. «Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыс жүргізілуде», - деп мәлім етті облыстық Тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, аймақтың бас санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова. 8 сәуірде осы сағаттағы жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 72 адам анықталды. Олардың 9-ы Қызылорда қаласында, 16-сы Жаңақорған ауданында тіркелсе, Қармақшыда - 4, Шиеліде - 35, Сырдарияда - 7, Аралда - 1 жағдай нақтыланды. Айта кетерлігі, Әлия Әбдіқайымова өңір тұрғындарын қонаққа бармауға шақырды. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации