Ұлттық бірыңғай тестілеуді реформалайтын уақыт жетті

15 қыркүйек, 15:32

Фото: ғаламтордан

  Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

Алматы, NEGE. Бүгінде комиссия құрамына мыңдаған адамды кіргізу үшін 1 жарым млрд теңге жұмсалады.Бірақ бұл өте тиімсіз. Сондықтан министр рәсімді электронды форматқа көшіруді ұсынады. Ол үшін заманауи бейнебақылау жүйесі қамтамасыз етілуі тиіс. Бұған қоса, тест сұрақтарының мазмұны жүйесін таппағаны рас. Енді түлектердің функционалдық сауаттылығына мән беріледі. Бұл үшін халықаралық тестер үлгі етілмек. Яғни сынақта жаттап алуға не көшіруге мүмкіндік бермейтін сұрақтар қамтылатын болады.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации