ҰҚК шетелден келген 50 адамды іздестіріп жатыр

13 наурыз, 22:46

Фото: stan.kz

 Полиция ҰҚК-мен бірігіп, Қазақстанға шетелден келген 50 адамды іздестіріп жатыр. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланысты болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты.

Алматы, NEGE. "Шетелден 24 ақпан мен 13 наурыз аралығында елге келгендердің саны Алматыда 11 340 болды. Медициналық мамандардың бақылауда 10 852 адам бар, бұл 95,7 пайыз. Тізім нақтыланып жатыр. Табылмағандардың мәоіметі көші-қон қызметіне, Полиция департаментіне, ал шетелдіктердің деректері ҰҚК-ға қосымша берілді", - деді Әбілдаев.

Қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі. Екеуі Алматыда ауруханаға жатқызылған, олар Германиядан 9 және 12 наурыз күндері келген. Бір науқас 12 наурызда Италиядан келген. Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханаға жатқызылған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации