Ұйқыдағы адамды өртеніп жатқан қонақ үйден алып шықты

15 қыркүйек, 16:36

Фото: 24.kz

Алматылық полицей ұйқыдағы адамды өртеніп жатқан қонақ үйден алып шықты.

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Алатау ауданындағы Шоссейная көшесінде орналасқан қонақ үй кешенінде өрт шықты, деп хабарлады Polisia.kz.

– Кеше сағат 22:30 шамасында қызметкерлерім маған қоңырау шалып, бізде қатты түтін бар екенін, өрт дабылының дыбысы шыққанын айтты. Мен жұмысқа тез келдім, қызметтер шақырылды. Өз ризашылығымды білдіргім келеді. Кеше бір жігіт өтіп бара жатты. Ол бөлмеде ұйықтап жатқан жас жігітті құтқарып, өз өмірін қатерге тікті. Кейін белгілі болғандай, ол біздің Алатау ауданының полиция қызметкері болып шықты, – деді қонақ үй кешенінің иесі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации