Үй карантиніндегі нұсқаулықты біле жүріңіз

17 наурыз, 16:49

Фото: instagram.com

Барлық отбасы мүшелеріне арналған үй карантиніндегі нұсқаулық:
 

1. Барлығы дене температурасын күніне кем дегенде 2 рет өлшеуі тиіс.
2. Бөлмені күніне кем дегенде 2 рет желдету қажет.
3. Күнделікті ылғалды тазалау жүргізу қажет.
4. Қолды сабынмен жиі жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүрту керек. Қолды сүрту үшін бір реттік салфетканы қолданған жөн.
5. Отбасының әрбір мүшесіне бөлек ыдыс, жеке гигиена құралдарын қолдану қажет.
6. Бөтен адамдардың келуіне жол бермеу керек.
7. Түшкіргенде және жөтелгенде, вирусты жою үшін бір реттік салфеткамен ауыз және мұрынды жабу қажет. Одан кейін бірден қолды сабынмен жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүрту қажет.
8. Кез-келген отбасы мүшесінде/үйдегі адамның біреуінде жоғары температура немесе сырқаттану белгілері анықталған жағдайда, дереу КВИ (коронавирустық инфекция) бойынша колл-орталығына 1406 нөмірі арқылы қоңырау шалу немесе карантин туралы хабарлап, жүгінудің себебін көрсетіп жедел жәрдемді шақырту қажет.
 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации