Уханнан тағы екі қазақстандық елге оралады

19 ақпан, 11:29

Фото: ғаламтордан

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Уханнан тағы екі Қазақстан азаматы оралатынын айтты.

Алматы, NEGE.  Украина Ухандағы екі қазақстандықты елге жеткізуге көмектеседі. 

«Біздің екі азамат ертең Уханнан оралады. Украина өз азаматтарын алып қайту үшін ұшақ шығарды, сонымен келеді олар. Ұшақ Алматыға техникалық жағдайда қонады, яғни біздің азаматтарды түсіріп, өздері ары қарай Киевке ұшады», - деді Мұхтар Тілеуберді.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации