ҰБТ кейінге шегеріле ме?

12 наурыз, 14:26

Фото: сурет ғаламтордан алынды

Кезекті ақылы ҰБТ наурыздың соңында өткізіледі деп жоспарланған болатын. Алайда білім министрлігі бұл тесті кейінге қалдыруға шешім қабылдады

Нұрұлтан, NEGE. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ақылы ұлттық бірыңғай тестілеудің кейінге шегерілгенін мәлімдеді. «Бүгінде ұлттық бірыңғай тестілеу жылына төрт рет өткізіледі. Кезекті ақылы ҰБТ наурыздың соңында өткізіледі деген жоспар болған. Біз осы тесті кейінге қалдырдық. Ал жазғы ҰБТ шегеріле ме, жоқ па, оған дейін әлі уақыт бар. Бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Жақындағанда нақты шешім шығарамыз», – деді Аймағамбетов баспасөз мәслихатында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации