Түркиядан 400-ге жуық студент оралды

04 сәуір, 17:15

Фото: Тұрар Қазанғапов

Түркияда білім алып жатқан 400-ге жуық студент елге оралды, - деп хабарлайды  tengrinews.kz.

Алматы, NEGE.  ҚР азаматтарын шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 2020 жылғы 3 сәуірде ҚР Түркиядағы Елшілігінің атсалысуымен Түркияның 35-тен астам қаласында (Анкара, Ыстанбұл, Измир, Бурса, Конья, Анталия, Денизли, Кайсери, Кыршехир, Сивас, Самсун, Эрзинджан, Эрзурум, Трабзон, Гиресун, Нииде және т.б.) білім алып жатқан 400-ге жуық қазақстандық студент елімізге арнайы рейстермен қайтарылды.

"Наурыздың басынан бастап Түркияда коронавирус пандемиясына орай қалалар арасында байланыс үзіліп, шектеулі төтенше жағдай қалыптасқан болатын. Осы ретте, елшілік әрбір студенттің саяхат рұқсаты, оларды алып жүретін көлік рұқсаттары, медициналық тексеру сияқты рәсімдерді ТР құзыретті мемлекеттік органдарымен тығыз және жедел шешуге күш салды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұдан бұрын Ыстанбұлдағы халықаралық әуежай арқылы әуеқатынастарға шектеу қойылғалы елімізге 1500-ден астам ҚР азаматы, соның ішінде, қазақстандық студенттер және басқа елден транзит арқылы өткен туристер қайтарылған болатын.

Түркия аумағында қалуға бел буған қазақстандықтар Елшіліктің ерекше назарында және олармен тұрақты байланыс орнатылған

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации