Түркістан облысының жаңа прокуроры кім?

19 ақпан, 21:29

Фото: zakon.kz

Мемлекет басшысының келісіміне сәйкес, ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры қызметіне Әлиханов Марат Тілеуқабылұлы тағайындалды. 

Аламаты, NEGE. Өңір активіне Түркістан облысының жаңа прокурорын ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Марат Әлиханов бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында 1965 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған. Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, ҚР Бас прокуратурасының Басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде, Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында, ҚР Бас көлік прокуроры болып қызмет атқарған.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации