Түйе сүті күрт қымбаттап кетті

06 наурыз, 07:53

Фото: facebook.com

Түйенің сүті қымбаттап барады. Литрі 600-700 теңгеден сатылып келген шұбат соңғы екі аптаның көлемінде кейбір сауда нүктелерінде кемі 1500-2000 теңгеге жеткен.

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда шұбаттың пайдасын әлем біледі. Әсіресе, бойында дәруменге бай сусын көктемнің кезінде ағзаға ерекше күш береді. Соңғы екі аптаның көлемінде түйе сүтінің бағасы үш есеге дейін қымбаттаған. 

30 жылға жуық уақыт сүт өнімдерін саудалап келе жатқан сатушының сөзінше жақында жеткізушілер ескерту жасап кетіпті. Яғни, Шымкентте шұбат өндіретін зауыт ашылып, түйе бағушылар сүтті сол жаққа өткізіп жатқан көрінеді. Тіпті, үйлерінен сатып алып жатыр деген қауесет те бар.

Соның кесірінен шұбат жеткіліксіз, сұраныс көбейіп кетті дейді.  

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации