Төтенше жағдайда той жасаған тұрғын істі болды

18 наурыз, 15:17

Фото: facebook.com

Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты үйінің ауласында той жасаған азаматқа қатысты шешім шығарды.

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық тұрғын 26 510 теңге айыппұл төлейтін болды. Облыстық соттың мәліметінше, аталған азаматқа қатысты әкімшілік іс ҚР ӘҚБтК 476-бабының 3-бөлігімен қаралған.

«Сотта М. өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан. Соттың қаулысымен М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабы 3-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26 510 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген» делінген сот мәлімдемесінде.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации