Төтенше жағдай кезінде де жезөкшелікке сұраныс тыйылмай тұр
Алматы қаласының полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жұыс істеп тұрған моншаны анықтады, - деп хабарлайды tengrinews.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы, NEGE. "Біздің қызметкерлер келген кезде ғимаратта адам көп болған. Ол жерде монша қызметкерлері - әкімші, қызмет көрсетушілер мен жезөкшелер жұмыс істеген. Сонымен қатар, жезөкшелердің жүргізушілері де жұмыста болған", - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Сол уақытта монша клиенттерге бес жеңіл жүрісті қыз келген.
"Олар монша кабинкаларында уақыт өткізген. Одан бөлек, санитарлық-гигиеналық шаралар сақталмаған", - деді Берік Әбілбеков.
Моншы әкімшісі - 1990 жылғы А. есімді азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, төтенше жағдай режимін бұзған бес жезөкше, екі жүргізуші мен монша клиенттері жазаланды.