Төртінші адамнан коронавирус анықталды

13 наурыз, 22:01

Фото: сурет ғаламтордан алынды

 Қазақстанда коронавиус жұқтырғандардың саны төртке жетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Qazaqstan телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Ол азамат та Германиядан келген ұшақтың ішінде болған. «25 минут бұрын бізге шұғыл хабар келіп түсті. Германиядан келген ұшақта болған 1976 жылы туған ер адамнан коронавирус табылып, қазір ол стационарда ем алып жатыр. Осылайша науқастардың саны төртке жетті», - деді Диас Ахметшәріп. Еске сала кетейік, бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді. Кейіннен Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген тағы бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации