Төртінші адам Түркістан облысында қайтыс болды
04 сәуір, 10:08

Қазақстанда төртінші адам коронавирустан қайтыс болды. Оқиға Түркістан қаласында тіркелді.
Алматы, NEGE. "Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан бір өлім жағдайы тіркелді", - деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның жедел штаб өкілі.
4 сәуірде тағы 36 жағдай тіркелді. Алматыда - 16, Атырау облысында-2, Солтүстік Қазақстан облысында-7, Жамбыл облысында - 1, Шымкентте - 1, Түркістан облысында - 4, Маңғыстау облысында - 1, Қарағанды облысында-4 жағдай тіркелді.
Осылайша Қазақстанда COVID-19-дан төрт адам қайтыс болды. Біріншісі Ақмола облысының тұрғыны, екінші адам астаналық болған. Үшінші науқас Қарағанды қаласының 62 жастағы тұрғыны.