Төрт жылға сотталды

20 ақпан, 09:25

Фото: facebook.com

Алматыда Розыбакиев көшесінде адам қағып өлтірген қызға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. 27 жастағы Зарина Сайфулина рөлде ұйықтап кетіп, жаяу жүргіншіні қаққан-ды. Ол сол мезет қаза болды. Бұл жайында отандық БАҚ жазды, айтты, сараптап та көрді. Біреулер «кешірім беру керек, оқыс жай ғой», десе енді бірі қарсы пікірін айтып жатты. 

Айтары не керек, сот үкімі шығып, Зарина Сайфулина төрт жылға бас бостандығынан айырды. Өзін ғана емес сот айыпталушыны 4 жылға көлік жүргізу құқығынан айырыпты-мыс. 

«Сот алқасының шешімімен Зарина Сайфулина ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің минималды қауіпсіздік колониясында өтейді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Зарина Сайфулина сот залында қамауға алынды. Зарина айыбын өтеп шыққаннан кейін тағы 4 жыл көлікке отыра алмайды Солай болған күнде де, адам өмірін қиған жүргізушінің қайта рөлге отыратыны, қызық екен...

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации