Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрамына неге өзгеріс енгізілгенін түсіндірді

03 наурыз, 20:20

Фото: ғаламтордан

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрамындағы өзгеріс туралы Тwitter​ парақшасында түсінік берді.

Алматы, NEGE. Президент кеңестің бұрынғы мүшелеріне ризашылығын да білдірді.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында кеңес мүшелері алмастырылды. Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді. Кеңестің бұрынғы мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін», деп жазды Президент Тwitter-дегі парақшасында.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации