Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды

07 шілде, 21:01

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды.

Алматы, NEGE. «Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектің бағасын заңсыз қымбаттатқан адамдарды ұстап жатыр. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда. Ел азаматтарын дәрі тапшылығын туғызып, дүрбелеңге салынбауға шақырамын», – делінген Тоқаевтың твитінде.

Ал бір күн бұрын Мемлекет басшысы азаматтардың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымы орынды екенін мәлімдеп, пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырған еді. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации