Тоқаев: Бұл індетке бей-жай қарауға болмайды

21 наурыз, 13:56

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимін сақтаудың маңыздылығын әлеуметтік желіде жазды.

Алматы, NEGE. «Екі негізгі қалада карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды. Қойылған талаптарды орындау қажет. Үкімет қысқа мерзім ішінде азаматтарды бетпердемен және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс», - деп жазды Президент Twitter-де. 

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации