Тоғжанов: Карантин режиміне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын

20 наурыз, 10:30

Фото: 24.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекет тарапынан жасалып жатқан шектеулерді дұрыс түсінуге шақырды

Нұр-Сұлтан, NEGE. "Мемлекет карантин режимін енгізді. Екі қаланың тұрғындары бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауын сұраймыз. Азық-түлік қоры жеткілікті. Импорттан келетін май, тауық еті, қант мәселесін шешіп жатырмыз. Жұмыс берушілер де қызметкерлерін қашықтан көшірді. Біз барынша вирусты таратпауға тырысу үшін шектеулерге дұрыс қарауымыз керек" деді Тоғжанов. 

Ол сондай-ақ, ел ішінде әртүрлі фейк тарағанын да айттын. "Бірақ Қазақстанда коронавирустан ешкім қайтыс болған жоқ. Коронавирус инфекциясы әлемнің 160 еліне тарағаны белгілі. Бүгінгі таңда елімізде 49 факті тіркеліп отыр. Қазір ел ішінде әртүрлі фейктер тарап, өлім шығыны туралы әртүрлі мәлімет айтылып жүр. Республикада ешқандай өлім жағдайы тіркелген жоқ», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн режімдегі брифинг барысында. Ералы Тоғжанов қазіргі уақытта Үкімет тәулік бойы жұмы істеп, маңызды әрі нақты шешімдер бір-екі күннің ішінде қабылданып жатқанын айтып өтті.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации