Тілеухан Әбілдаев: Таң атқанша тауып, карантинге жатқызамыз

13 наурыз, 19:15

Фото: azh.kz

Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар анықталып жатыр. 

Алматы. NEGE. Ұшақта келген адамдардың тізімі мен мекен жайлары тексерілуде. 

«Коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандар да анықталуда. 68 адам бір ұшақпен келген. 24-ін әлі де анықтап жатырмыз. Таң атқанша барлығын тауып, карантинге жатқызамыз», деді Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, олар келген бетте медициналық қызметкерлер телефон арқылы хабарласып, жағдайларын біліп отырды. Оларда ауру белгілері болмауы да мүмкін. Алайда ауырғандармен қарым-қатынаста болған соң тексеріледі.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации