Тілеухан Әбілдаев 82 науқастың жағдайын айтты

31 наурыз, 14:20

Фото: almaty.gov.kz

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 82 жағдайы тіркелді. Оның ішінде жеті адам стационардан емделіп, 14 күндік карантинге жазылып шықты.

Алматы, NEGE. Олардың қатарында: төрт ер адам, екі әйел және бір бала бар. Бүгінгі күні Қалалық жұқпалы аурулар ауруханаларында барлығы 76 пациент коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 2-і бала.

Емдеуге жатқызылғандардың бірі Алматы облысының тұрғыны болып табылады. Ол 1971 жылы туылған, ЖРВИ белгілерімен жағдайы нашарлаған әйел Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасына жүгінген. Оған белгілі бір зерттеулер жүргізілді, нәтижесінде екі жақты төменгі дәрежелі пневмония анықталды, COVID 2019-ға талдаулар алынды. Нәтижесі расталды. 30-ы күні ол біздің Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына емдеуге жатқызылды. 

66 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 1 ересек науқастың жай-күйі ауыр жағдайда қалып отыр, 9 ересек адамда ауырлық дәрежесі орташа (1 облыстық).

Екі жасар баланың жай-күйі жақсарды, бүгінгі күні қанағаттанарлық жағдайда. Бүгін соңғы талдауларын күтудеміз, егер олар теріс нәтиже берсе, онда ауруханадан шығаруға дайынбыз.

Жаңадан анықталған тоғыз адамның барлығы басқа жақтан келген адамдар. 30 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен бес адам ұшып келді. Алтыншы пациент 29 наурызда Минск-Алматы рейсімен және осы айдың әр күндері Дубайдан үш адам ұшып келді.
Бүгінгі күні провизорлық орталықтарда 697 адам карантинде жатыр, оның ішінде – 84 бала, екі күндік карантинде 1029 азамат және 3156 адам үй карантинінде жатыр.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации