Теңіз мұнай кен орнында жұмыс істейтін әйелден коронавирус табылды

08 сәуір, 17:49

Фото: sputniknews.kz

Бұл жағдай "ТШО" компаниясының жұмысына әсер етпейді. Барлық сақтық шарасы қолға алынды, жұмысшылардың барлығы жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. 

Алматы, NEGE.Теңіз мұнай кен орнында жұмыс істейтін 1970 жылы туған әйелден вирус анықталды. Әйел Ветернас вахталық ауылында тұрған. Бұл туралы coronavirus.kz сайты хабарлады.

Бүгін үш облыста бес адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды: Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында – бір адам, Маңғыстау облысында – бір адам.  

Қызылорда облысында ауру жұқтырғандардың үшеуі Сырдария ауданының Амангелді ауылында тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, сынама алынған. Нәтижесінде үшеуінен вирус анықталды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации