Теле-сабақ қашан басталады?

25 наурыз, 17:27

Фото: ғаламтордан

Елімізде қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыратын жобалау кеңсесі құрылған. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook парақшасында жазды

Алматы,NEGE. Шолпан Каринованың айтуынша, Білім және ғылым министрлігінде, аймақтық білім беру басқармаларында Қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру бойынша жобалау кеңсесі құрылған. Індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенгенге ұқсайды. Мектептер мен ұстаздар үшін тиісті ұсынымдар дайындалған. Ұстаздар үшін арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар әзірленген.

Мәліметке қарағанда, ұстаздар мен балаларға «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында төртінші тоқсан басталысымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі екен. Қазір осы теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүргізіліп жатқанға ұқсайды.

«Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақ дайындалады. Бұған үлкен күш жұмсалып жатыр.  Теле-сабақ барысында Нұр-Сұлтан қаласының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ береді. Ұстаздарға тек қолдау қажет. Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз», -дейді Шолпан Каринова.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации