Техникалық қызмет көрсету орталығы өртке оранды

23 қыркүйек, 19:53

Фото: google.com

Өскемен қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталығы өртке оранды.

Алматы, NEGE. Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 11.16-да Мельничная көшесіндегі техникалық қызмет көрсету стансасында өрт шыққан.

Бірден оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер сағат 11.47-де тілсіз жауды ауыздықтады. Өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құраған. 1 автокөлік толықтай өртеніп кетсе, 2 көлікке зақым келген.

«Қызыл жалынның нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 17 адам мен 4 техника жұмылдырылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации